Current Date: 16-03-2025

Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан уақыты бойынша 16 наурызға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night турнирінде қазақстандық спортшы мен бразилиялық Брендсон Рибейро арасында жекпе-жек өткізді.

Еске салсақ, бұл қазақстандықтың UFC-дегі дебюті, ол дебютке Дана Уайттың үміткерлер сериясы арқылы өткен болатын. Бұған дейін кәсіпқой ММА-да Нұрғожай он жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта (93 келіге дейін) өтуі керек еді, бірақ Нұрғожай белгіленген межеден асып кетті. Ресми салмақ өлшеуде оның салмағы шамамен 95,5 келі болды.

Промоушен жекпе-жекті өткізетін болды, бірақ қазақстандыққа гонорардың 25% көлемінде айыппұл салынды. Бұл сома межеге сәйкес келетін оның қарсыласына қосымша төленетін болады.