Боксшылар 55,3 кг салмақта 6 раундтық жекпе-жек өткізеді.
23 жастағы әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Nomad Promotions компаниясының хабарлауынша, Махмұд Сабырхан 5 сәуір күні өтетін Жәнібек-Анауэль айқасы андеркартында жұдырықтасады. Оның қарсыласы – филиппиндік Джей Фрэнсис Бурай (13-3-1, 3 КО).