Current Date: 14-03-2025

Астанада Сәкен Сейфуллинді еске алуға арналған республикалық форум өтті

Астанада көрнекті ақын Сәкен Сейфуллинді еске алуға арналған республикалық форум өтті.

Елордалық жоғары оқу орындарының студенттері қоғам қайраткерінің шығармаларымен және саяси ұстанымдарымен танысты. Негізгі мақсат — өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу. Іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен келген белгілі жазушылар, ғалымдар, сондай-ақ Сәкен Сейфуллиннің ұрпақтары мен жерлестері қатысты. Сонымен қатар еліміздің 33 мектебіне ақынның аты берілген. Білім ордаларында осы тақырыпта іс-шаралар өткізіліп, үздік оқушылар мен студенттерге атаулы стипендиялар берілді.

Марат Әбсеметов, Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- «Сәкен мұрасы — халыққа тағылым» деген үлкен форум өтіп жатыр. Аграрлық университетте Сәкен атындағы. Үлкен мәселенің бірі көп айтылмай жүрген Сәкен 1922-1924 жылы Үкіметтің басшысы болған. Сол кездің өзінде мемлекетке үлкен жағдай жасады. Қаржы жағын, экономика жағын, алғашқы азаматтық авиацияға қол қойып, авиацияға қол қойып, авиация мәселесін жүргізді. Тілге байланысты қазақ атын қайтаруға Сәкеннің еңбегі өте зор.