Current Date: 17-03-2025

Қытайдағы турнирде қазақстандық қос ару каратэ-додан жүлделі болды

Спортшыларымыз тартысты ойын көрсетті.

Қытайдың Ханчжоу қаласында каратэ-додан өтіп жатқан Премьер-лига бәсекесінде қазақстандық екі спортшы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдымен Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) ақтық сында Алжир спортшысы Силия Уикенмен 8:8 есебімен тең түсіп, қосымша уақытта қарсыласына есе жіберді.

Ол биыл қаңтарда өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Ал, қазақстандық тағы бір каратэші Әсел Қанай (61 келі) Қытайдың Ханчжоу қаласындағы бәсекеде қола жүлдені еншіледі.