Current Date: 16-03-2025

Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегін сәтсіз бастады

Ол 2017 жылдан бері аралас жекпе-жектен сынға түсіп келеді.

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 254 турнирінде Брендсон Рибейромен (16-7) кім мықтыны анықтады. Ауыр салмақтағы спортшылар арасындағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Дегенмен, Диярды бразилиялық файтер 2-раундта қолды ауырту әдісі арқылы жеңіп кетті.

Дияр Нұрғожай 1997 жылы 22 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Бала кезінде грек-рим күресі және қоян-қолтық спортымен шұғылданды.

2021 жылы панкратион спортынан 100 келі салмақта әлем чемпионы атанса, жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.