Алаяқтар қазақстандық балабақшалардың бірінің тәрбиешісінің аккаунтын бұзып, ата-аналарға қорқынышты хабарлама жібергені туралы оқиға әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүлдіршіндердің бірінің анасы алаяқтар тәрбиешінің атынан белгісіз біреулер баласын терезеден итеріп жібергені туралы жазғанын айтты.
Әлеуметтік желі қолданушысының айтуынша, ол алдымен тәрбиешіге баласын ертерек алып кету қажеттігін ескертіп, хабарлама жіберген. Бірақ күтпеген жауап алған. Баласының "енді ешқашан оянбайтынын, себебі басқа бір қыз оны терезеден итеріп жібергенін" жазған.
Анасы қатты шошып, үрейге түскен. Алайда кейін тәрбиешінің аккаунтын бұзғаны анықталды. Посттың астындағы пікірлерде тәрбиешінің өзі бұл жағдайға байланысты полицияға арыз жазғаны айтылды.
Кейбір қолданушылар бұл оқиғаны блогер әдейі ойлап тапқан деп сенбестік танытты. Бірақ көп ұзамай әйел тағы бір видео жариялап, жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, сол уақытта басқа ата-аналар да тәрбиешіге хабарлама жазған, және оларға да дәл осындай үрейлі жауаптар келген.
Көптеген пікір қалдырушылар бұл оқиғадан қатты шошып, хайп үшін мұндай нәрсені ойлап табу мүмкін емес екенін айтты.
Желі қолданушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. "Қызым "Анашым, қош бол, мектепте бомба" деп жазғанда, аспан айналып жерге түскендей күй кештім. Сол күні олар басқа мектепте өнер көрсетіп жатқан, мен ешкімге хабарласа алмадым, сұрайтын адам болмады, дүрбелең басталды. Балаларымыз жоғалып, қорқып кеттім. Кейін белгілі болғандай, біреу телефон шалып, әзілдеген екен, "Алла ешбір анаға сіз сезінген қорқынышты сезінуді жазбасын”, "Жасанды интеллектпен абай болыңыздар, мен нейрожелі туралы айтып тұрмын. Енді олар ата-аналардың даусын қолдан жасап, балаларды ұрлайтын болады! Балаларыңызбен тек сіздер ғана білетін құпия сөз ойлап табыңыздар (ана, әке және бала ғана білетін код сөз)”, – деп жазған олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Мира | Lifestyle influencer l Фотограф | Женский ментор (@mirasayata)