Current Date: 16-03-2025

Алматыда Медеу ауданында құбыр тесіліп, бірқатар тұрғын үй жылусыз қалды

"Алматы жылу желілері" ЖШС 2025 жылы 5 наурызда Снегин көшесі — Әл-Фараби даңғылы, Достық көшесі — Тайманов көшесі төрт тағанында орналасқан тұрғын үйлер жылудан уақытша ажыратылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Авариялық бригада 1986 жылы пайдалануға берілген диаметрі 800 мм болатын құбырдың тозуынан пайда болған жарықты жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Аталған көше контурында жылу мен ыстық су беруді жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден қалпына келтіру жоспарланған (шамамен 3-5 сағат ішінде). Аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, делінген "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламасында.

Жылу энергетикалық кәсіпорыны қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаса (су, бу және т.б.) өз бетімен әрекет жасамау керектігін ескертіп, мұндайда 109 нөміріне қоңырау шалуды ұсынады.

Бұған дейін Ақтауда 11 жасар бала жарылған құбырдан атқылаған ыстық су астында қалып кеткенін жазғанбыз.