Current Date: 16-03-2025

Президент боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

Осыған дейін жазғанымыздай, Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды.