Current Date: 17-03-2025

Алуа Балқыбекова елімізге екінші алтынды әперді

Отандасымыз мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанды!

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші алтыны қоржынымызда.

50 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Алуа Балқыбекова қытайлық Ху Мэйиді 5:0 есебімен жеңді. Бұған дейін ол КХДР, Түркия, Марокко және Кения спортшыларынан басым түскен еді.

28 жастағы Алуа Балқыбековада енді әлем чемпионаттарының толық медаль жиынтығы бар: 2025 жылы – алтын, 2022 жылы – күміс, 2023 жылы – қола.