АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен аумақтар және АЭС-ті бақылау мәселелерін талқыламақ. Бұл туралы Трамп тілшілерге Air Force One бортында айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Трамп Путинмен 18 наурызда телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр.
Меніңше, біз аумақтар туралы сөйлесеміз... Сонымен қатар электростанциялар жайын талқылаймыз, себебі бұл үлкен мәселе, — деді Трамп.
Саясаткер демалыс күндері ауқымды шаруалар атқарылғанын және Украинадағы соғысты тоқтатуға мүмкіндік пайда болғанын айтты.