Current Date: 17-03-2025

Елімізде Мұқағали, Ақын есімі қойылған қанша адам бар?

Massaget.kz тілшісі елімізде Мұқағали есімді неше адам бар екенін анықтады.

Статистика

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ресми сайтында көрсетілген ақпаратқа сенсек, Қазақстанда "Мұқағали" есімді 1835 адам бар. Оның 188-і ақын дүниеге келген Райымбек ауданында тұрады.

Есімнің мағынасы

"Мұқағали" есімі көне түркі тілінен (муқа) және араб тілінен (ғали) алынған; аса күшті, зор батыр деген мағынаны білдіреді.

Ақын есімділер қанша?

Тағы бір қызық дерек: елімізде "Ақын" есімді 45 адам бар.

Мұқағали Мақатаев (1931-1976) – қазақтың ұлы ақыны, поэзияның аса көрнекті өкілі. Ол Алматы облысы Райымбек ауданында (бұрынғы Нарынқол) дүниеге келген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!