Current Date: 17-03-2025

Елордадада 15 метрлік жент жасалды

Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласындағы сервис және туризм колледж ұжымы ұмытылып бара жатқан қазақтың дәстүрлі тағамы – жентті дайындауды қолға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл іс-шараға 15 өндірістік оқыту шебері, 31 оқытушы және 55 студент белсенді түрде қатысып, ұлттық тағамды әзірлеудің қыр-сырын меңгеруде.

Дайын өнімнің көлемі де таңғаларлық: жентке 50 кг талқан қолданылды. Оның жалпы ұзындығы – 15 метр, ені – 30 см, ал биіктігі – 4 см. Жалпы салмағы – 150 кг жуық, — делінген мәліметте.

Айта кетейік, жент – қазақтың аса шеберлікпен жасайтын әрі өте дәмді, тағамдық нәрі мол жеңсік тағамдардың бірі. Жент қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайды. Соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған.