Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол клубының ойыншыларын ұстауға бюджеттен миллиардтаған теңге бөлінетінін растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «NewTimes.kz» сайтына сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, «Ордабасы» командасы «батпаққа батып қалған» клубтардың бірі. Ойыншылардың орташа жалақысы – 15 миллион теңге.
«Олардың келісімшарттары УЕФА-да тіркелген. Егер келісімшартты бұзсақ, толық өтемақы төлеуіміз керек. Асхат Тағыберген қазір ойнай алмайды, бірақ кеткісі де келмейді. Ол ай сайын 20 миллион теңге жалақы алады. Мен бұл жағдайды өзгерте алмаймын», – деді әкім.