Current Date: 17-03-2025

Астаналықтар 15 метрлік жент жасады

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, ұлттық асымызды насихаттауға арналған шараға сервис және туризм колледж ұжымы ұйытқы болған, деп жазады Egemen.kz.

Бұл шараға 15 өндірістік оқыту шебері, 31 оқытушы және 55 студент белсенді қатысқан. Шара барысында ұстаздар білім алушыларға ұлттық тағамды әзірлеудің қыр-сырын үйретіп, тәжірибесімен бөліскен. Олар 15 метрлік жентті дайындау үшін 50 кг талқан қолданған. Ал ені – 30 см, биіктігі – 4 см. Ал женттің жалпы салмағы — 150 кг.

Айта кетейік, жент қазақтың аса шеберлікпен жасайтын дәмді, тойымды тағамдарының бірі. Жент қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайды. Соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан ерекше орын алған.