Current Date: 17-03-2025

Алматыда жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде жол ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушілерінің бейнежазбалары тарады.

Кадрларда бір топ мопед мінген адамның бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай өтіп кеткені және көлік қозғалысына тыйым салынған Арбат аумағында жүріп-тұрғаны байқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған ереже бұзушылардың анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.

"Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚбК-нің 615 және 620-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мопедтер айыппұл тұрағына қойылды," – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мопед жүргізушілеріне 5 сәуірге дейін көлік құралдарын міндетті түрде тіркеуден өткізу қажеттігін ескертті.