Қазгидромет 18-20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .
Республиканың көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, елдің тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарына циклон ойпаты әсер етеді, онда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады. ҚР бойынша тұман күтіледі.
Елдің солтүстігінде ауа температурасы түнде 3 аязға дейін төмендесе, күндіз 5-16 жылы көрсетеді, орталықта түнде 3 аяз, күндіз 5-20 жылы, елдің шығысында түнде 7 аяз, күндіз 3-16 жылы, батыста түнде 5 аяз, күндіз 5-18-ге дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 5-13, күндіз 22-30-ға дейін көтеріледі.