Current Date: 17-03-2025

"Ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін": Жеңіс шеруіне байланысты Астана халықаралық әуежайы үндеу жасады

Жеңіс шеруіне дайындыққа байланысты ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды .

Астана халықаралық әуежайының мәліметінше, Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушы күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық уақытыңда және оны өткізу кезінде ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін

"Құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр (қоса алғанда) аралығында Астана қаласының әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.

Осыған байланысты ұшу және ұшып келу кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Әуежай жолаушыларға өзекті ақпаратты әуекомпаниялардың және әуежайдың ресми ресурстарынан алдын ала нақтылауды ұсынады.

Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды және ықтимал өзгерістерді ескере отырып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген хабарламада.