Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директорын қабылдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымы бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына қарасты Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Аталған құрылым мүше мемлекеттермен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстанда бір емес, үш атом электр стансасын салу қажет