Current Date: 17-03-2025

Колледждер арасында "ТОП-100 студент" республикалық байқауы басталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық "ТОП-100 студент" конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.

Байқау үш кезеңнен өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іріктеу кезеңі – әр колледж ішінде өтеді. Өңірлік кезең — әр колледжден бес студент қатысады. Республикалық кезең — шешуші кезеңде әр аймақтан 10 үздік студент сайысқа түседі.

Мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талантты және перспективалы студенттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтау.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар: білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету бағыттары бойынша бағалайды.