Current Date: 14-03-2025

Алматыда ашылатын БҰҰ орталығы халықаралық штаб-пәтер үлгісінде жұмыс істейді

Алматыда ашылатын БҰҰ орталығы халықаралық штаб-пәтер үлгісінде жұмыс істейді.

Осы БҰҰ-ның аймақтық орталығы Нью-Йорк, Найроби және Венадағы штаб пәтерлер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін. Азия аумағында құрылатын алғашқы орталық жайында саясаттанушы Уәлихан Бахретдинов осылай дейді. БҰҰ-ның Қазақстанда ірге тебуі елдің халықаралық аренадағы саяси беделін арттыра түспек. Оған қоса Алматының экономикалық дамуына да мульти-пликативті ықпалын тигізбек. Ал Орталық Азия және одан тыс аумаққа тигізер пайдасы одан да зор болмақ, дейді Уәлихан Бахретдинов.

Уәлихан Бахретдинов, саясаттанушы:

- Бұл әрине Орталық Азия аумағындағы жұмысты ілгерілетуге септігін тигізеді деп айтуға болады. Одан басқа Орталық Азия елдерінде осындай орталықтың болмауына байланысты келешекте қандай жұмыс атқаратындығы айту қиын. Бірақ басқа елдердегідей айтып отырмын ғой, Найробидегі Венадағы бас пәтерлердің жұмысына қарағанда оң үлесін тигізеді. Елдің дамуына да, қаланың дамуына да.