Current Date: 17-03-2025

Шымбұлақта қар көшкінінен бір адам көз жұмды

Шымбұлақта қар көшкінінен бір адам қаза тауып , тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қар көшкіні Комсомол шыңында болған.

Шымбұлақ курортынан бір шақырым жердегі Нунатак көліндегі тыйым салынған жерде үш адам сырғанап жүрген, — делінген мәліметте.

Шаңғымен төмен сырғанау кезінде олар көлбеуді кесіп өтіп, қардың түсуіне себеп болды. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалды. Екі жәбірленуші өз бетінше шыға алған, үшіншісін «Шымбұлақ» құтқарушылары қар астынан алып шықты. Зардап шеккендердің жеке басы анықталып жатыр.