Current Date: 17-03-2025

Солтүстік Македонияда алпысқа жуық адам қаза тапты

Солтүстік Македонияда түнгі клубта болған өрттен 60 адамның қаза табуына байланысты 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды , деп хабарлайды Egemen.kz.

Жексенбі күні Солтүстік Македонияның Кочани қаласындағы «Pulse» түнгі клубында өрт шықты. Қаза болған 60 адамнан бөлек, 150 адам жарақат алды. Әкімшілік жауапты 15 адамды қамауға алды.

Ішкі істер министрі Панче Тошковски журналистерге берген мәліметінде өрттің жергілікті поп-тобының концерті кезінде шамамен 02:30-да басталғанын хабарлады.

Жарылған пиротехниканың әсерінен клубтың төбесі өртеніп, от тез арада шатырды шарпыған. Көк түтін бүкіл залды қаптап кеткен. Бір-ақ қана шығу есігі болғандықтан, біраз адам тапталып қалған.