Current Date: 17-03-2025

Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, 1 әйел қаза тапты

Тағы 2 адам жарақат алды.

Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, 1 адам қаза тапты. Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"17 наурыз күні солтүстік Талғар ауданында 3160 метр биіктікте көлемі 50 текше метрге жуық қар көшкіні жүрді. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, фрирайдерлер қар көшкіні қаупі туралы ескертулерді елемеген. Оқиға орнына шұғыл қызметтердің құтқарушылары жетті. Үйінді астынан 1990 жылы туған Ресей Федерациясы азаматшасының денесі алынды", — деп хабарлады министрлік редакцияның сауалына берген жауабында.

ТЖМ 14 наурызда Қазгидрометтің дауылды ескерту туралы ақпаратты жариялағанын еске салды.

Министрліктің мәліметінше, 3 адам тыйым салынған орында шаңғы тепкен. Олардың екеуі қар көшкіні астынан өздігінен шығып үлгерсе, үшіншісі қаза тапты.