Өкініштісі сол, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 7-ден 8-орынға түсіп қалған.
Қазақстандық теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингіндегі орны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Елена Рыбакина 7-ден 8-ге, Юлия Путинцева 20-дан 24-орынға төмендеген.
Есесіне Жібек Құламбаева жекелей сында 322-ден 309-ға, Зарина Дияс 334-тен 325-ке көтерілсе, Анна Данилина 901-ден 897-ге жоғарылады.
Десе де, жұптық сында А.Данилина 17-ден 16-ға, Ю.Путинцева 80-нен 76-ға жоғарыласа, Ж.Құламбаева 157-ден 163-ке сырғыды.
Ерлер арасында ATP рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 82-ден 80-орынға ауысса, Александр Шевченко 98-сатыда қалды. Михаил Кукушкин 166-дан 160-қа, Тимофей Скатов 182-ден 175-ке көтеріліп, жағдайын жақсартты.
Бейбіт Жұқаев 213-тен 215-ке, Дмитрий Попко 220-дан 245-ке, Денис Евсеев 256-дан 258-ге төмен түсіп қалды.
Жұптық сында Александр Недовесов 70-тен 74-ке, А.Бублик 129-дан 130-ға төмендеген.