Current Date: 17-03-2025

Қ. Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының инвестициялық портфелінде сомасы 100 миллиард

доллардан асатын 130 жоба бар. Биыл 7 ірі жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарында «Достық-Мойынты» теміржол желісі, Алматы айналма теміржолын салу және Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сынды бастамалар бар. Бұл туралы мемлекет басшысының қабылдауында болған «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық өндірушілерді қолдау қарқынды. Кәсіпкелермен құны 1 триллион теңгеден астам қаржыға келісімшарттар жасалған. Офтейк келісім-шарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беруді тапсырды.