Current Date: 17-03-2025

Астанада таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды

Астанада таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде Астана қаласы (5 алтын, 5 қола) көш бастады. Екінші орынға Алматы қаласы (4 алтын, 4 күміс және 4 қола) жайғасса, Алматы облысы (4 алтын, 2 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионат нәтижесінде жаңа спорт маусымына таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасақталып, 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі анықталды.

Әлем чемпионатына жолдамалар күмән келтірмейтіндей әділ үлестірілуі үшін федерация басшылғы осындай ашықтықты ұсынды. Қазақстан чемпиондары Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жолдама, ал финалистер Малайзияда чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алады", — дейді таеквондодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрдәулет Асханов.

Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік таеквондо (WT) федерациясының ережесіне сай, жасөспірімдер арасындағы біріншілікте спортшылар биыл алғаш рет салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұған дейін спортшылар бойының ұзындығы бойынша сынға түскен.

Астана қаласының спортшыларының нәтижелері:

Қыздар:

1-орын: Аяжан Таңжарық (55 кг);

3-орын: Кристина Ким (29 кг).

Ұлдар:

1-орын: Руслан Стацина (37 кг);

1-орын: Ерсұлтан Оразбекұлы (49 кг);

1-орын: Аятжан Әмірханов (57 кг);

1-орын: Мирас Есенгелді (65 кг);

3-орын: Аслан Заманбеков (61кг).