0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, бір шаңғышы қаза тапты. Тағы екі адам жараланған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, туристер «Левый Талғар» ауданындағы Богданович мұздығы асуында рұқсат етілмеген аумақта шаңғы тепкен. Оқиға орнына құтқарушылар мен кинологтар дереу жетіп, 35 жастағы әйел адамның денесін үйінді астынан шығарды. Үш шаңғышы да Ресей азаматы. Айта кетейін, «Қазгидромет» бұған дейін Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рет ескерту жариялаған еді.
Денис Ярцев, қалалық ТЖД басқармасының басшысы:
Қар көшкіні салдарынан үш шаңғышы зардап шекті. Екі адам қалың қардың астынан өз бетімен шықты. Біреуі қаза тапты. Қала тұрғындары мен қонақтарынан көшкін қаупі бар кезеңдерде таулы аймақтың қауіпті екені ескертілді.
Айдана Қуантхан