Current Date: 17-03-2025

Ақмолада полицейлер бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен әйел жүргізушіні жазаламады

Ақмолада полицейлер қиын жағдайдағы екі жасар баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 наурызда Степногорск қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Бейбітшілік көшесінде бағдаршамның тыйым салынған белгісіне Exeed 818 автокөлігінің өтіп кеткенін байқады. Полицейлер көлікті тоқтату туралы шешім қабылдайды. Автокөлікті қуып жеткен, полицейлер жүргізуші әйелдің қатты үрейлі жүзін көреді. Ол артқы орындықта екі жасар баласының есінен танып қалғанын және ауруханаға асығып бара жатқанын айтқан.

"Жағдайды бағалай отырып, тәртіп сақшылары Арман Билялов пен Ислям Ислямов автокөлікті Степногорск қаласы ауруханасының қабылдау бөлмесіне дейін алып жүру туралы шешім қабылдады. Әр минут маңызды болды. Кәсібилік пен жеделдікті көрсете отырып, олар баланы ауруханаға қауіпсіз және кедергісіз жеткізді. Балаға дереу медициналық көмек алды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері баланың өміріне қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізгенше оның туыстарымен бірге болды.

"Мұндай сәттерде сабырлылық сақтау өте қиын. Адам денсаулығы, соның ішінде кішкентай бала туралы сөз болғанда уақытында жетуді ойлайсың", деп бөлісті тәртіп сақшылары.

Бірнеше күннен кейін полиция басқармасына баланың анасы Виктория Вашановадан бейне хабарлама келіп түсті, ол полиция қызметкерлеріне қолдауы мен уақтылы көмегі үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Сондай-ақ жол ережесін бұзған әйелдің жауапкершіліктен босатылғаны белгілі болды. Өйткені заңға сәйкес, аса қажетті жағдайда әкімшілік құқық бұзған тұлға жазадан босатылады, әсіресе оның іс-әрекеті трагедияның алдын алуға бағытталса.