Current Date: 17-03-2025

Таразда жасөспірім әкесінің көлігімен полициядан қашқан

Жасөспірімге қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылып , көлік айып тұрағына қойылды.

Тараз қаласында 14 наурыз түнінде патрульдік полиция инспекторлары Hyundai Sonata көлігін тізгіндеген жасөспірімді байқап, тоқтатпақ болған. Алайда ол полицияның заңды талабына бағынбай, қауіпті маневрлер жасап, қашуға әрекеттенді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жол қозғалысына қауіп төндірмеу мақсатында бірнеше полиция экипажы бірігіп, көлікті қоршап, тоқтатуға мәжбүр болды. Тексеру барысында көліктің жасөспірімнің әкесіне тиесілі екені анықталды.

Оқиға орнына баланың заңды өкілі шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.