Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының нейрохирург дәрігерлері 30 жастағы науқасқа шұғыл түрде жарақаттан кейін пайда болған омыртқа жарығын (грыжа) алып тастау операциясын сәтті жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі . аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нейрохирург Думан Мырзабековтың айтуынша, науқас құлап, мойнын құбырға қатты соққан. Салдарынан қатты ауырсынумен ауруханаға жеткізілген. Уақыт өте келе оның жағдайы нашарлап, аяқ-қолы ұйып, қозғалысы шектелген, сондай-ақ көру қабілеті төмендеген.
Диагностикалық тексеру кезінде (КТ, МРТ) науқастың 5-ші және 6-шы мойын омыртқалары арасында жарақаттан кейін пайда болған жарық анықталды. Ол жұлынды қатты қысып, науқастың өздігінен жүруіне мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты шұғыл операция жасауға шешім қабылдадық, — дейді Думан Мырзабеков.