Қазақтың бай мәдени мұрасы насихатталып, құндылықтары мен дәстүрі дәріптелді.
Атаулы күнге орай ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылып, өнер орталықтары әдет-ғұрыптан көрініс көрсетті. От ауыз, орақ тілді ақындар айтысып, жұрттың делебесін қоздырды. Ерлер жағы қол күрестіріп, арқан тартысып, өзара күш сынасты. Жалпы бүгін қалада 30-ға жуық іс шара ұйымдастырылды. Мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды.
Маржан Бахатова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
- Осының барлығы халқымыздың саф өнері. Мына қазақтың дәстүрлі әні, күмбірлеген қара домбыраның үні мұның барлығы қазақ баласын селт еткізбей қоймас. Сондықтан осы мол рухнаи мәдениетімізді ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күннің басты парызы деп айтуға болады.