Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қарулы Күштердің ардагерлері мен зейнеткерлеріне әлеуметтік қолдаудың жаңа жеңілдіктерін ұсынды.
Атап айтқанда, ведомство коммуналдық өтемақыға өзгерістер енгізуді, әскери қызметшілерге тегін жол жүру мен әлеуметтік төлемдерді қайтаруды қарастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыстан шығарылған азаматтарға зейнетақыны индексациялайтын заң жобасы қарастырылып жатқанын айтты. Одан бөлек әскери қызметшілер мен ардагерлерге медициналық көмек пен санаторлық-курорттық емдеуді жақсарту шаралары қабылданады. 2024 жылы 100-ден астам әскери зейнеткер стационарлық ем алды. Ал 2300-ден астам ардагер клиникалық-диагностикалық көмек алды. 2025 жылы санаторлық-курорттық емделуге 488 жолдама бөлу жоспарлануда.