Брюссельде өткен кездесуде Украинаға 40 млрд еуро көлеміндегі жаңа көмек пакеті бойынша талқылау болған.
Десе де, Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің келісімге келе алмағанын DW басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұны ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас та мәлімдеп отыр.
Оның сөзінше, ЕО елдері арасында Украинаға жаңа көмек бөлу кеңінен саяси қолдау тапқаны байқалып отыр, бірақ пысықтауды қажет ететін жері де жетерлік. Каллас жақын арада бұл мәселенің өз шешімін табатынына үміттенеді.
Бұған дейін Кая Каллас Украинаға 20-дан 40 млрд еуроға дейінгі көлемде жаңа әскери көмек пакетін ұсыну туралы бастаманы көтерген еді. Бұған 2025 жылы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен зымырандарды жеткізу, украиналық әскери бригадаларды оқыту мен жабдықтауды қамту кіруі тиіс саналған. Сонымен қатар, шамамен 5 млрд еуроға 2 млн артиллериялық снаряд жеткізу қарастырылған.
– 20 млрд еуро – Еуроодақтың Украинаға 2024 жылы бөлген сомасы, 40 млрд АҚШ-тың 2024 жылы 16 млрд бөлген көмектен бас тартуын өтейтін еді, – деп түсіндірді еуропалық дипломаттардың бірі брифингте.
Бұл көмек пакетінің бірінші нұсқасына наурыз айының басында Мажарстан тосқауыл қойды, содан кейін ЕО Украинаға әскери көмек көрсету үшін ерікті қор құруды ұсынды.