Олар алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.
"Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Қайрат Төребаевты жаңа лауазымға тағайындады
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.
Сонымен қатар алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.