Current Date: 18-03-2025

Осы айдан бастап Шамалған стансасы маңында қозғалыс өзгереді

"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар жолдарда құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты енгізілген өзгерісті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ республикалық маңызы бар KAZ01 "Астана — Қарағанды (айналма жол) – Алматы" автожолының "Шамалған стансасының айналма жолының" 2453-2446 шақырым (42-49 шақырым) аралығындағы учаскесінде құрылыс жұмыстарының аяқталуына және қолданысқа берілуіне байланысты жол пайдаланушыларға өзгерістер туралы мәлімдеді.

"2025 жылғы 19 наурыздан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ хаты негізінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы елді мекені арқылы өтетін аталған автожолдың 2448+900 шақырымында (46+100 шақырым) орналасқан теміржол өткелі жабылады. Көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жаңа айналма жол ұйымдастырылды. Барлық қажетті жол белгілері мен қозғалысты реттейтін құралдар орнатылды", — делінген хабарламада.