Current Date: 19-03-2025

Елімізде деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Елімізде деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады. Инвестор — сингапурлық компания. Стратегиялық маңызды жобаны жүзеге асыру бойынша келісімге Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Инвестормен келісім туралы тиісті құжатта Ақмола және Қарағанды облыстарында жалпы қуаты 200 МВт болатын екі бірдей деректерді өңдеу орталығын салу және пайдалануға беру көзделген.

Жоспарға сәйкес, бұл мақсатқа 690 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады. Мұндай орталықтарды құру Қазақстанға Microsoft, Google және Amazon сияқты технология алпауыттарын, сондай-ақ үлкен деректермен және машиналық оқытумен жұмыс істейтін компанияларды тартуға мүмкіндік береді. Жоба жалақысы жоғары жұмыс орындарын ашуға, технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге, цифрлық экономиканы дамытуға жол ашады.

Осылайша гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталықтың іске қосылуы еліміздің Орталық Азияның цифрлық хабы ретіндегі орнын нығайтады. Әрі IT-қызметтер экспортының өсуіне жағдай жасайды. Құрылыстың бірінші кезегі 2027 жылы, ал толық 2030 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Сама Қабышева