Нимбурк (Чехия) қаласында дзюдодан түрлі ел құрамаларының қатысуымен бірлескен халықаралық оқу-жаттығу жиындары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Чехиядағы жаттығу орталығына 36 ұлттық құрама атынан 595 дзюдошы қатысып жатыр.
Бұл жиынға Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр. Құраманың қатарында көптеген көшбасшы бар, олардың ішінде Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Данияр Шамшаев, Эсмигуль Куюлова және басқа да спортшылар бар.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы үшін кейінгі жарыс Аустрияның Линц қаласында өткен Гран-при турнирі болды. Бұл бәсекеде Қазақстан бір медаль жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова алтын жүлдеге ие болды.