Current Date: 18-03-2025

АҚШ-та қызылша жұқтырғандар саны 300-ге жуықтады

Ахуал, әсіресе, Техас штатында өршіп тұр, деп хабарлайды 24kz.

Сарапшылардың пікірінше, аймақта қатерлі дертті ауыздықтау қиынға түсуі мүмкін. Себебі, мұнда екпе салдырмағандар көп. Құрама Штаттарында мектепке дейінгі балалардың тек 80% ғана вакцина алған. Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары: «Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін вакцинация деңгейі 95% кем болмауы тиіс», — дейді.

Петер Хотез, медицина колледжінің профессоры:

- Екпе алуға қатысты үгіт-насихат жұмыстарын мейлінше күшейту қажет. Сондай-ақ вакцина салдыруына жағдай жасау керек. Бұл үшін қосымша медициналық кабинеттер ашқан жөн. Сау бала қызылшаны жұқтырған науқаспен байланыста болып, 72 сағаттың ішінде екпе алса, дерт жеңіл өтуі мүмкін.