Қайғылы оқиға оқиға 17 наурызда болған.
Алматы облысының "Шамалған-Ақсеңгір" станциялары аралығында адам мәйіті табылды. Көліктегі полиция департаменті бұл фактіні растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Аталған факті бойынша Алматы станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады департаменттен.