Current Date: 19-03-2025

Наурыз мерекесінде елордалық ауруханалар тәулік бойы жұмыс істейді

Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар әдеттегідей жұмыс рпп істейді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп жазады inbusiness .kz сайты.

"Елордалық ауруханалар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік мамандандырылған палаталарды бөлу арқылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді", — деп хабарлады Астана әкімдігі.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр бөлмелері сағат 8:00–ден 20:00–ге дейін жұмыс істейді, қоңыраулар 8:00–ден 16:00–ге дейін қабылданады.

103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы хабарламалар мен қоңыраулар қабылданады.