Current Date: 19-03-2025

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы дүниеден өтті

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген .

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағында дүниеге келген. 1986 жылы Іле педагогикалық университетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Үрімші қаласында ұстаздық етті. "Шыңжаң жастар-өрендер баспасында" редакторлық қызмет атқарды.

"Қазақтың алғыстары мен қарғыстары", "Қазақ ырымдары" атты кітабы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Одан басқа "Сөз саралау өнері" атты ғылыми-зерттеу кітабы, "Ақыт ақиқаты" атты монографиялық еңбегі, "Қазақ кәделері", "Асыл қазына", "Қазақтың түс жоруы" атты кітаптары оқырмандар қолына тиді.