Қосылған құн салығы 16 пайыз болса, ол орта бизнес секторының дамуына алып келеді.
Сарапшы Айбар Олжайдың пайымы – осы. Қазір жаңа Салық кодексі Мәжілісте қаралып жатыр. Оған сай қосылған құн салығына 10 және 16 пайыздық шкалалар енгізілмек.
Ал агроөндірістік кешен қосылған құн салығынан босатылады. Үкіметтің мұндағы басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласына шетелдік инвесторларды көптеп тарту, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондай-ақ отандық азық-түлік бағасының тұрақты болуына септігін тигізеді деген үміт бар. Бүгінде еліміздегі барлық бизнестің тек 4 пайызы ғана ҚҚС төлейді.
Енді жаңа норма қолдау тапса, бизнестің кемінде тең жартысы салық төлеуге міндеттеледі. Бұл орта бизнес секторының дамуына алып келеді дейді қаржы мамандары.
"Бұған дейін болған салық режимінде кішкентай бизнестен орта бизнеске көшсеңіз, сіздің салығыңыз өсетін. Сондықтан кішкентай бизнестің өсу стимулы болмайтын. Мысалы кәсіпкерлер 1 ірі орта бизнес ұстағанша, 10 кіші бизнес ұстағанды жөн көретін. Өйткені салық бойынша кемінде 7-8% үнемдейтін. Енді бизнеске қандай көлемде болса да, салықтың бәрі бірдей болатындықтан, әрине орта кәсіпорындар көбейеді. Ал экономика дамуының негізгі тірегі – орта кәсіпорындар." Айбар Олжай, сарапшы