Бұдан бөлек , 32,7 мың тоннадан астам инертті материал дайындалды.
"Қазсушар" кәсіпорнының облыстық филиалдары су тасқынымен күресу үшін 360 бірлік арнайы техника дайындап қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Су ресурстары және ирригация министрлігінде су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.
Бұдан бөлек, 32,7 мың тоннадан астам инертті материал дайындалды және гидротехникалық нысандардың 200 шақырымнан астам кірме жолдары қардан тазартылды.
Министрлік "Қазсушар" филиалдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін Үкіметтің қолдауымен 757 бірлік арнайы техника мен көлік сатып алуды бастады.
Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдарына 200-ден астам арнайы техника жеткізілді.
"Арнайы техника және инертті материалдар қоры төтенше оқиға туындаған жағдайда қажет. Барлық су шаруашылығы нысандарында "Қазсушар" мамандары тәулік бойы кезекшілік жүргізеді және су қоймалары мен өзендердегі су деңгейін бақылап отыр. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері еліміздің бірқатар облыстарында 1147 шақырым каналды механикалық тазалап, 230 гидротехникалық құрылысты жөндеді", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.