Арнайы мақсаттағы жасақ жауынгерлері үшін парашютпен секіру – бұл тек жаттығу емес. Бұл – жауынгерлік дайындықтың маңызды бөлігі. Олар ауада қозғалыс шеберлігін жетілдіріп, белгіленген нүктеге дәл түсу арқылы стратегиялық мақсаттарға жетуге үйренеді. Мұндай дайындықтың басты мақсаты – жауынгерлерді күрделі жағдайда тиімді әрекет етуге машықтандыру. Бүгінгі шығарылымда біз арнайы операциялар күштері жауынгерлерінің парашютпен секіру дайындығы жайлы айтатын боламыз.