Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова әлеуметтік желіде Айтым Амангелдінің сөздерін жоққа шығарып, отбасының адвокаттардан бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Перизат Нұрымова Айтым Амангелдінің сұхбатынан кейін Қаржаубайдың сенімхатын негізге ала отырып бірнеше сұраққа жауап берді.
“Қаржаубай қорғаушылардан бас тартқан жоқ. Адвокаттардан бас тарту туралы Айтым мырзаның өзі айтты. Оған өзі түсініктеме берер. Қаржаубай Айтым мырзаның анама дөрекілік көрсетуіне және артық сөйлеуіне байланысты оған ескерту жасады. “Іс бұлай насырға шабар болса, екеуіміз келіспейтін болсақ қорғаушылармен келісімшартты бұзамын” деп ескертті. Бұл сөздерді Айтым мырзаның WhatsApp нөміріне жазды. Оны не себепті жариялағынын біз де білмейміз. Бұған Айтым мырзаны өзі жауап береді. Қорғаушылар 5 адамнан құралған деп нақты ешкімге айтқан жоқпыз. Қаржаубайдың бұрынғы адвокаттары мен қазіргі қорғаушылар істі бірге жүргізсе игі еді”, – деді Перизат Нұрымова.
Сондай-ақ ол адвокат Саида Тәуекелова, Марал және Карина ханымға ерекше алғыс білдірді. 6 ай бойы үздіксіз жұмыс істеу оңай емес екенін атап өтті.
“Көбі жиналған ақша жайлы айтып жатыр екен. Алғашында біз адвокат таппаған кезде ақша жинаған едік. Ақша жинау 3 күнге созылды. Қорғаушылар тапқан соң оны тоқтаттық. Өзім туралы да айта кетейін. Мен халықтан жылу жинадым. Жылу жинау қазақ халқының салтында бар. Бұл “сбор” емес. Халық жинаған жылу туралы Саида ханым да, Айтым мырза да білді”, – дейді Шерзаттың әпкесі.
Сонымен қатар белсенді Дінмұхаммед Қаматай соңғы жайттарға байланысты Айтым Амангелідінің алдағы істерге араласуы қажет емес екенін айтты.
@sadaqmedia Динара Сәтжанның Сарыағаш қаласында келіндік міндетін атқарып жүрген видеосы тарады. Осы тұста желіде танымал тележүргізушіге қатысты түрлі ақпар тарады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. «42 жастағы Динара Сәтжан екінші әйел болды. Динара Сәтжан 5 баласы бар еркектің тоқалы болды. Динара мен Жұмабек Жанықұлов», — деп жазды qzq_fiilm инстаграм парақшасы. Видеоға пікір қалдырғандардың қарасы көп, оның ішінде Динара Сәтжанның өзі бар. «Екінші емес, бесінші әйелімін. Дұрыстап жазыңыздар», — деді тележүргізуші. ????????♂️ЖҰМАБЕК ЖАНЫҚҰЛОВ КІМ? Жұмабек Жанықұлов – «ең беделділер» рейтингіне енген жаңа бизнесмен, Halliburton трансұлттық корпорациясының Қазақстандағы кен байыту зауытының жалғыз серіктесі, бизнесі арқылы елімізге 100 млн доллар инвестиция тартқан. ????Және ол бірнеше салаларда көшбасшы болып табылатын компаниялардың ортақ иесі: ????Karazhal Operating: 2012 жылдан бері ТМД-дағы барит концентратының жетекші өндірушісі, Halliburton трансұлттық компаниясымен бірлескен кәсіпорын. ????Aksay Operating: Мұнай-газ компанияларына жоғары технологиялық қызметтерді көрсету үшін Halliburton компаниясымен бірлескен кәсіпорын. ????Saryopan Operating: Carmeuse Group трансұлттық компаниясымен химиялық реагент құрылысының бірлескен жобасы. ????Тараз металлургиялық зауыты: Ферроқорытпа өндірушісі, елдегі электрод массасының жалғыз өндірушісі. ????Теміртау электрометаллургиялық зауыты: ТМД-дағы кальций карбидінің жалғыз өндірушісі. ????Centre Nova Diagnostics: Қазақстанның 11 аймағында ұсынылған медициналық диагностикалық орталықтар желісі (МРТ және КТ диагностикасы). ????Global Chemicals Company: 2005 жылдан бері тау-кен өңдеу және мұнай-газ өнеркәсібі үшін арнайы химиялық заттардың негізгі жеткізушісі. #динарасәтжан ♬ оригинальный звук — sadaqmedia