Current Date: 19-03-2025

Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы шешімін таппаған мәселені атады

3,5 млн МӘМС жүйесінен тыс қалған .

Депутат Асхат Аймағамбетов медициналық сақтандыру бойынша әлі шешілмеген сұрақтар көп екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әрине, жасалған істер жетерлік, дегенмен әлі атқаратын ауқымды, әрі түйткілді проблемалар да бар. Мысалы, МӘМС бойынша әлі шешілмеген сұрақтар көп. 3,5 млн МӘМС-пен қамтылмаған азамат, сапалы медициналық көмекке қолжетімділік, реттелмеген тарифтер проблемалары. Бұл мәселелерге Мемлекет басшысы арнайы тоқталып, тиісті тапсырмаларды берді. Тағы бір үлкен сұрақ – жүздеген мың азаматтық қызметкерлердің жалақысының төмендігі мен 500 мың мүгедектігі бар жандардың, бүгінгі нарық пен бағаларға сай келмейтін жәрдемақы мәселесін де болашақта шешуіміз қажет", — деді Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат Президенттің Ұлттық Құрылтайда "Адал азамат" пен ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне ерекше тоқталып өткенін жеткізді.

Енді мұғалімдер мен барлық қоғам сапалы білім мен саналы тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейтуі қажет, деп есептейді ол.

"Атқарылған, реформалардың барлығы – Ел Президентінің жаңа, заманауи саясаттының айқын көрінісі. Егер, бұрын әлеуметтік саясат салдармен күресуге бағытталған болса, қазір проблемалардың алдын алуға басымдық берілуде. Бұрын әлеуметтік саясат – құлағандарға сүйеу болса, қазір ол адамдарымызды құлатпауға бағытталған", — деді мәжілісмен.