Current Date: 19-03-2025

Алиса наурыз мейрамына қатысты танымдық мәліметтермен байытылды

Енді ол арқылы наурыз көже мәзірін біліп, мерекелік қазақша әндер тыңдауға болады.

Биыл Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай, Алиса виртуалды көмекшісі қазақ салт-дәстүрлеріне, Наурыз мейрамына қатысты пайдалы кеңестер беруге икемделді. Бұл туралы Yandex Qazaqstan хабарлады.

Енді ақылды колонканың көмегімен қазақ және орыс тілдерінде Наурыз мейрамына қатысты кез-келген ақпарат алуға болады. Атап айтқанда, бұл мейрамда қандай жоралғылар атқарылатынын білу үшін "Алиса, Наурызда қандай жоралғылар жасалады?" деп сұрақ қою жеткілікті.

Виртуалды көмекші Наурыз көженің мәзірін ұсынып, Наурыз дастарханына қойылатын өзге де ас-ауқат түрлерінің қалай жасалатынын айтып бере алады. Одан бөлек, оның көмегімен қазақ музыканттарының орындауындағы Наурызға арналған композициялар топтамасын тыңдауға болады. Тіпті, Алиса Наурыз мерекесімен әдемі құттықтауға да көмектеседі. Ол сіздің сұрауыңыз бен қалауыңызға орай, тілек жазып береді.

Еске салайық, Алиса көмекшісі бүгінде қазақ тілін жетік меңгерген. Көмекшінің қазақ тілін таңдау үшін, "Ассистент тілі" баптамасына кіріп, қазақ тілін таңдау қажет.


Оқи отырыңыз:

  • Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы әзірленді
  • Наурыз тарихынан он сұрақ: Тестке жауап беріп, біліміңізді тексеріңіз
  • "Амалмен шатастырмау керек". Зейнеп Ахметова Наурыз мерекесі туралы