Current Date: 19-03-2025

Семсерлесуден Будапештте өтетін Әлем кубогының кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды

Будапештте (Мажарстан) саблямен семсерлесуден ерлер арасындағы Әлем кубогының кезеңі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің намысын бұл ірі халықаралық турнирде алты спортшы қорғайды.

Рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін Назарбай Саттархан, Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Артур Чупраков, Қуаныш Ерғазбай және Жанат Нәбиев сайысқа түседі.

Әлем кубогының кезеңі 28-29 наурыз күндері өтеді.