Қалмақов Ерлан Болатұлы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры
1. «Адал азамат» бағдарламасының мазмұны қандай негізгі қағидаларға сүйенеді? Ол мектептердегі тәрбие жұмысына қандай жаңа өзгерістер әкеледі?
2. Білім мен тәрбиені қатар дамытуға бағытталған жүйелі шаралар қалай жүзеге асады? Мектеп бағдарламасына енгізілген «Біртұтас тәрбие» жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істеп жатыр?
3. Жаңа бағдарламаларды жекеменшік мектептерге енгізу қандай тетіктер арқылы жүзеге аспақ? Оларды бұл жүйеге бейімдеудің заңнамалық немесе экономикалық негіздемесі бар ма?
4. Оқушыларды тәрбие үдерісіне толық қамту үшін қандай қосымша әлеуметтік институттар тартылуы керек? Ата-аналар, қоғам қайраткерлері, діни және мәдени ұйымдар бұл процесте қандай роль атқарады?
5. Бағдарламаның нәтижелілігін бағалау үшін қандай индикаторлар мен өлшемдер қолданылады? Яғни «Адал азамат» тәрбиелеудің нақты жетістігін қалай анықтауға болады?
8. Қазіргі таңда мектептердегі тәрбие жұмысы қандай басты мәселелерге тап болып отыр? Бұл мәселелерді шешуде халықаралық тәжірибені қолдану қарастырылған ба?
9. Тәрбие жұмысына бөлінетін қаржы көлемі жеткілікті ме? Қаржыландыру қай көздерден қарастырылып отыр, және оның тиімді жұмсалуын қалай бақылауға болады?
10. «Адал азамат» бағдарламасының жалпыұлттық ауқымға ие болуы үшін қандай қоғамдық қолдау қажет? Қоғамдық санада тәрбие мен құндылықтарды күшейту үшін қандай ақпараттық саясат жүргізілуі тиіс?