ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ЛГБТ-ға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .
Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ ЛГБТ өкілдеріне қатысты үкім шығарған еді.
Біз ешқашан өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз. Сондықтан батыс елдерінен келген ЛГБТ және оған қатысты барлық жат түсініктер біздің асыл дінімізге де, ата салтымызға да қайшы деп білеміз, – делінген жазбада.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ЛГБТ біздің ұлттық құндылығымызға, салт-дәстүрімізге, ата-баба жолына қарсы дүние екенін атап өтті.
Өкінішке қарай, батыс елдерінен келіп жатқан, қазіргі таңда біздің елімізде де төбе көрсетіп жатқан бұл арсыздықтың алдын алуымыз қажет. Ата салтын берік ұстанған азамат ретінде, әрине, бұған біз қарсымыз. Өйткені, бұл – арсыздық, ашық арсыздық дүние. Үлкен күнә. Бұның азабы өте үлкен, — дейді бас мүфти.